
Полицейлер жұрттың жолын кескестеп, Алматының орталығында еркін босып жүрген жетпіске жуық келімсектердің тұратын жерін анықтады деп хабарлайды 31 арна.Қайыр сұрауды кәсіп қылғандардың бәрі Қазақстан аумағында құжатсыз жүр. Тәртіп сақшыларының бас ауруына айналған қолайсыз қонақтар, енді ел аумағынан шығарылатын болады. Алматы іргесіндегі «Райымбек» деп аталатын елдімекеннің көшелерінде, базарларда алақан жайып, қайыр тілейтін сығандардың кешкісін жиналатын, жан бағатын жері.
Сыған деген — халық қойған аты. Өздері «Люли» тайпасының өкіліміз дейді. Тұрған жерлері — сыртынан қарасаң шағын барақ. Бірақ, іші жаға ұстатарлық. Аядай бір бөлменің өзінде 6 жанұядан тұрады. Ал тағы бір бөлмеден өлім аузында жатқан әйелді байқауға болады. Ауыр халге түскеніне бір аптадан асса да, ешкім дәрігер шақыртпаған.
Өйткені, ол жердің жазылмаған өз заңы бар. Тіпті, қаза болғандардың да қайда жерленетінін ешкім білмейді. Келімсектердің басшылары едге әйел екен. Ортақ жылу жинап барақ жалдайтын да, Алматының адам көп жүретін базарлары мен көшелерін меншігіндей үлестіріп отыратын да солк ісі болып шықты.
Өзін Замира Камалова деп таныстырған әйелдің Қазақстанда қайыр тілеуді кәсіп қылғанына ширек ғасыр өтіпті. Айтуынша, бұл босып жүргендердің барлығы Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген. Қайыр сұрау ата-салттары. Жыл 12 ай ел кезіп, садақа жинайды екен.
Ұсталған 70 адамның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған 28 бала бар. Барлығы да көші-қон департаментіне жеткізіледі. Бірақ, келімсектердің қайта қайтып келмесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Өйткені, заң бойынша, полиция бүгін қамайды, ертең көлік жалдап шекара асырады. Бүрсігүні олар қайта оралуы әбден мүмкін.
По сообщению сайта Nur.kz