
Қарағанды облысындағы Балқаш көлінде балықты заңсыз аулағандар ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы.Шахтинск қаласының 3 тұрғыны мұздың астын тормен шырмап, осы уақытта су бетіне ұмтылатын балықты баудай түсіріп отырған. Броконьерлердің ауына торта, ақтабан және көксерке көптеп түсіпті.
Оншақты қапқа бөліп салынған балықтардың жалпы салмағы 480 келіні құраған. Табиғат қаскөйлерінен ұзындығы 2300 метр болатын ау тәркіленді.
Ал олардың жол талғамайтын көліктерінің бір де бір құжаты болмай шыққан. Жалпы, елімізде қазірден бастап мамыр айына дейін, тіпті кейбір балық түрлерін маусым айына дейін аулауға тыйым салынған.
Өйткені дәл осы уақытта уылдырық шашу үшін судың бетіне шығатын олар броконьерлердің оңай олжасына айналады.
По сообщению сайта Nur.kz