АН-2 ұшағы апатынан аман қалған Шаяхметова ауруханадан шығарылады

0
328
АН-2 ұшағы апатынан аман қалған Шаяхметова ауруханадан шығарылады
Әуе апатынан аман қалған Әсем Шаяхметованың жағдайы жақсарып келеді. Ол келесі аптада ауруханадан шығарылады деп хабарлайды Астана арнасы.Еске салайық, осыдан бір айдан астам уақыт бұрын Жамбыл облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінде болған 7 адамның ішінде 1986 жылы туылған Әсем Шаяхметова тірі қалған еді. Алдымен Шу қалалық ауруханасына, соңынан Астанаға жеткізілген Әсемге 9 ота жасалды. Барлығы сәтті аяқталған. Қазір ол балдақтың көмегімен жүріп жүр.

«Оталардың бәрі жасалып болды. Қазір 3 жұмадай болды, науқас өздігінен тұрып жүр. Реабилитациялық ем біткеннен кейін 4-5 айдан кейін жұмысқа шығуына болады», — дейді Астанадағы №1 қалалық аурухананың травматологиялық пункт меңгерушісі Нұржан Естемесов.

Ауруханадан шыққан соң Әсем сынған сүйектері толық жазылғанша, 1 жыл бойы дәрігерлер бақылауында болуы тиіс. Ал үйінде емдік гимнастика мен жаттығулар жасайды. Қазір науқастың көңіл-күйі де өте жақсы. Толық жазылғанша, ол Астанада боламын деп отыр.

«Дәл қазір жағдайым жақсы. Дәрігерлердің арқасында тез жазылып келе жатырмын. Өз еркіммен жүруге тырысып жүрмін. Бар арманым — тезірек өз аяғыммен жүріп кету. Толық жазылған соң, бұрынғы жұмысымды жалғастыратын боламын», — деді Әсем Шаяхметова.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз