Назарбаевтан кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуын сұрады

0
96

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұрсұлтан Назарбаевтан ағымдағы жылдың 26 ақпанында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуын сұрады.

Назарбаевтан кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуын сұрады

«Президент сайлауы – бұл патриоттық акт, елімізді жаңа қарқынмен дамытудың және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың басты міндеттерін шешу үшін экономиканы тұрақтандырудың, азаматтық жарасым, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың қуатты бастауы. Сондықтан да біз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні сізді барша қазақстандықтар асыға күтіп отырған келесі қадамды жасауға шақырамыз. Біз сізден президенттік сайлауға қатысуыңызды сұраймыз!», – делінген үндеуде.

ҚХА-ның атап өтуінше, бұл қадам Ассамблеяның кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жалпыхалықтық бастамасынан туындайды.

«Құрметті елбасы сіздің басшылығыңызбен Қазақстан қаншама сынақтардан қайыспай өтті. Халық шын мәнінде теңдессіз экономикалық жетістіктерімізді, әлеуметтік табыстарымызды, тұрақтылығымызды және ертеңгі күнге деген сенімімізді сіздің атыңызбен байланыстырады. Халықаралық қауымдастық сізді беделді және салиқалы көшбасшы ретінде таниды. Сіздің бейбіт сыртқы саяси бастамаларыңыз басты халықаралық ұйымдар тарапынан, әлемдік деңгейдегі көшбасшылардың және миллиондаған қарапайым адамдар тарапынан ғаламдық қолдау тапты. Сіздің халықаралық беделіңіз біздің еліміздің маңызды сыртқы экономикалық активі, сыртқы қауіпсіздігіміздің кепілі және инвестициялар тарту үшін ынталандыру болып табылады», – деп атап өткен ҚХА өз үндеуінде.

Сонымен қатар ҚХА өзіміздің келешек алдындағы жауапкершілігімізді сезініп, халық пен ел мүддесін ескере отырып, азаматтық және патриоттық парызымызды орындау мақсатында елбасы, тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан кезектен тыс президент сайлануында өз кандидатурасын ұсынуын сұрайтындығын баса атап өткен.

«20 жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктеріне негіз болған дұрыс қадам жасалған болатын. Бүгін де біз барша халықты болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін, Қазақстан халқының әл-ауқатын артыру мен гүлденуінің бірден-бір дұрыс таңдауы ретінде біздің үндеуімізді қолдауға шақырамыз!», – делінген үндеуде.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз