
Путин РФ тергеу комитеті, ІІД, Федералды Қауіпсіздік қызметіне арнайы тергеу тобын құруды бұйырып, оны тікелей өз қадағалауына алатынын айтқан. Саясаткерді Үлкен Мәскеу көпірінде атып кеткен.
Алдын ала белгілі мәлімет бойынша, оған қарсы бетте келе жатқан ақ түсті көліктен оқ жаудырған. Немцовтың қасында 1991 жылы Украинада туған қыз болған. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр, қалада қылмыскерлерді ұстау жоспары жарияланған, деп хабарлады «Россия 24».
По сообщению сайта Nur.kz