Бейбіт Қорған Головкинге арнап бейнебаян түсірді

0
47
Эстарада әншісі Бейбіт Қорған орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарындағы әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге арнап бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Bnews.kz.Бейбіт Қорған Қазақстанның мақтанышы болған батыр ұлға ән шығарушылардың алғашқысы емес. Бұған дейін америкалық рэперлер Марио Руис пен Омар Круз отандасымызға арнап «Mexican Style» және «Good Boy Killa» атты екі бірдей клип түсірді.

Бұдан бөлек, қазақстандық әнші Әнуар Нұрпейісов те Головкинге арнап «Гена GGG!!!» атты ән жазған болатын.

Айта кету кетсек, қазақстандық боксшы бүгінге дейін кәсіби карьерасында 32 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті (29 КО). Ал ақпанның 21-інен 22-іне қараған түні Монакода өткен соңғы кездесуінде британиялық боксшы Мартин Мюррейді 11-раундта техникалық нокаутпен ұтты.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз