Қазақ жауынгері туралы повесть жарық көрды

0
541
3
 Қазақ жауынгері туралы повесть жарық көрді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қазақ жауынгері туралы тағы бір кітап жарық көрді. Онда Қарағанды облысының тумасы Зейнолла Байжасаровтың соғыстағы ерліктері баяндалады. Туынды авторларының айтуынша, оқиға желісі қаншалықты шытырман болып көрінгенімен, кітап үш жыл бойы жиналған нақты деректердің негізінде жазылған. Басты кейіпкер қазақтың қарапайым жігіті 1939 жылы Ворошиловқа хат жазып, өз еркімен Қызыл әскер қатарына сұранады. Сол кеткеннен Зейнолла атамыз Ұлы Отан соғысының барлық негізгі шайқастарына қатысып, талай мәрте жараланса да, майданға қайта-қайта сұранып, ақырында жеңіспен Берлинге дейін жетеді. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін, батыр жерлесіміз үш мәрте Отан соғысы және Қызыл жұлдыз ордендерімен, сондай-ақ Мәскеу, Сталинград, Курск, Берлин шайқастары мен Украинаны және Польшаны азат еткені үшін көптеген медальмен марапатталған. Еліне тек 1947 жылы оралған Зейнолла Сүлейменұлы еңбек жолын ішкі істер органдарында жалғастырып, бар өмірін қылмыспен күрес ісіне арнайды
Источник: http://24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз