Борис Немцов:
Кеше Ресейлік саясаткер Борис Немцов қастандықпен қайтыс болдлы. Ол жақында «Forbes» журналына берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграция, Назарбаев пен Путин қарым-қатынасы және Солтүстік Қазақстанның территориялық тұтастығы жайлы баяндаған еді. Qamshy.kz порталы осы сұхбаттың ықшамдалған нұсқасын назарларыңызға ұсынады.
–Борис! Қазақстан саған жат емес. Тіпті, кезінде Президент Назарбаевтың кеңесшісі болуға аз-ақ қалдың.
-Қалай болғанын түсіндіре кетейін. 1991 жылы мен Нижегород облысының губернаторы болып тағайындалдым. Сол кезде біз реформа жасай бастадық. Ал Назарбаев команда құру туралы идеясын айтты. Өйткені Қазақстанға жаңа реформа керек болды. 1990 жылдары Григорий Явлинский Назарбаевтың экономикалық кеңесшісі қызметін атқарды. Кейін Назарбаев сол орынға мені шақырды.
-Қазақстан ЕАЭО-ға мүше болды. Қазір Назарбаевтың идеясы дегенмен алғаш болып үш жақты интеграция құруды сен қолға алған едің.
-Менің бұл идеямды олар жақсы қабылдады. Әсіресе Назарбаевқа жекешелендіру туралы бастамам қатты ұнаған еді. Содан ол мені кеңесші лауазымына шақырды. Мен ол кезде губернатор болған соң, Назарбаевтың ұсынысын қабылдай алмадым.
-Ал неге Астанада қалмадың?
-Бұл ЕАЭО және КО талаптарына қайшы болар еді.
-Соңғы кездердегі Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар жайлы не айтасың? Солтүстік Қазақстан «Қырым эпопеясын» қайталауы мүмкін бе?
-Назарбаев Путинмен байланысын үзбейтін болса, Солтүстік Қазақстанға еш қауіп жоқ. Бұл Назарбаевтың ойы. Бірақ, ешкім мәңгі емес қой. Мысалы, әйелі де, баласы да ақшасы да көп король Абдолла да жоқ қой бүгін. Сол Абдолланың артында 17 млрд. доллары қалды. Қысқасы, Назарбаев билік басында отырған кезде ешқандай аннексия болмайды. Мен бұған сенімдімін. Ал қашан ол президенттіктен кетеді, сол күні-ақ, талас басталады. Египетте не болды? Біреуін қамады, біреуін… Ливияда ше? Ол жақта мүлдем тыныштық жоқ. Авторитарлық режимнің шуы оңайлықпен тарамайды. Назарбаевтан кейін не болатын мүлдем белгісіз. Бірақ, қазір ол тың. Әлі ұзақ жасайтынына сенейік. Жоғарыда айтқанымдай Назарбаев тақты босатқан күні Украина сценариі Қазақстанда қайталанады. Тіпті, Путин Қазақстанның жеріне таласуы мүмкін. Мысалы, Қырымды тартып алған секілді. Назарбаев ешкіммен байланысын үзбей отырып, жан-жақты саясат жүргізеді. Мысалы, Порошенкомен кездескенде Украинаның шекарасының тұтастығын қолдайтынын ашық айтты. Ол өте тәжірбиелі саясаткер.
-Ал Путин ше?
– Путин менің көзқарасымда қызбақанды саясаткер. Мысалы, ол қаншама жыл тер төгіп, КО-ты құрды да, бір-ақ күнде күл-талқанын шығарды. Ал Назарбаев Путиннің тамырын баса алады.
-Сонда Қазақстанның президенті Путинді басқарып отыр ма?
– Жоқ. Ол тек саясатын жүргізіп келеді.
-Ал Қазақстанның келесі Президенті қашан келеді?
-Егер Назарбаевтан кейін Президент бейбіт жолмен, «Майдансыз», қан-төгіссіз келетін болса, онда Путин қазақ жеріне ауыз салуы екіталай. Ал егер ситуация басқаша болса… Әсіресі Байқоңырға шүйлігуі мүмкін.
-Яғни, Қазақстанның ертеңгі күні қалай болары интеграцияға тәуелді демексіз ғой?
– Қазақстан – өзін-өзі қалыптастырған мемлекет. Белорусия сияқты емес, жаһандық үдерістерге баса мән береді. Глобалды саясат жүргізеді. Тіпті, Путиндік Ресейден де жоғары деңгейке көтерілген және Қазақстанда мұнай, газ қорлары да жеткілікті.
-Ал шикізатқа тәуелділік ше?
– Оларда шикізатқа тәуелділік жоқ. Қазақстан өз шикізатын тек Қытайға ғана емес, барлық көршілеріне сатуда. Сатып алушыға деген тәуелділік мүлдем жоқ десек болады.
Әңгімелескен Игор Сивинаренко
«Форбес» журналы