Халқаралық рекорд жаратқан Қытайлық қандасымыз – Аршын Намазбекұлы

0
629

Аршын Намазбекұлы қуыршақ сурет жобалап сызуда дүние жүзілік рекорд жаратты.

авторы: Ли Лин

Қытай газеті торынан аударған Сенбек Әуесқанұлы

Ақпанның 27  күні Шянганда (Ганконк) дүние жүзілік рекорд қоғамының жоғары дәрежелі куәләндіру мәнсәптісі У Хуа Жяң Аршын Намазбекұлының қуыршақ сурет жобалап сызуда дүние жүзілік рекорд жасағанын жариялады.
Қытай Шинжяң Ұйғұр автономиялы ауданы Алтай қаласының азаматы Аршын Намазбекұлы 2007  жылдан 2014 жылға дейін жалпы 3157 парша қуыршақ  (картон)  образын  (адам, хайуанат, құбыжық)  жобалап және сызып, дүние жүзі бойынша қуыршақ образын  (адам, хайуанат, құбыжық)  ең көп жобалаушы ретінде   дүние жүзілік рекорд жасады.
У ХуаЖяң мырза Аршын Намазбекұлының қуыршақ туындыларын бағалағанда былай деді: Аршын Намазбекұлының қуыршақ туындыларының біріншіден саны көп; екіншіден сызылуы көркем, образы айқын, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар; үшіншіден өте мағыналы. У Хуа Жяң мырза былай деді: «Дүние жүзілік рекорд қоғамының бас штабы Шянганда (Ганконк), бұл – шығыс пен батыстың мәдениеті тоғысқан жер, мен Шянгандықпын (Ганконк), үлкен жақтан айтсам Қытайлықпын, мен Қытайлық Аршын Намазбекұлының қуыршақ туындылары дүние жүзілік рекордқа енгізілгеннен кейін дүние жүзіндегі тіпті де көп адамның Қытайдың қуыршақ туындыларын түсінуіне және оған қызығуына түрткі болады деп үміттенемін».

Аршын Намазбекұлы қазақ ұлтының азаматы,
1986 жылы Шинжяңның Алтайында туылған

Аршын Намазбекұлы қаршадайынан сурет салуға әуестенеді, қуыршақ суретіне ерекше  құмар болады. 2008 жылы Пекинге барып қуыршақ суретін сызумен 2013 жылға дейін айналысты. Аралықта кино суретшісі болып, кейіпкер жобалайды. 2007 жылдан бастап өзіне тәуелді төл жасампаздық сипатты қуыршақ образдарын жобалауға кіріседі. Бастабында 30 шамалы туынды жаратса да, сан-санақсыз жобаны қайталамай жасауға, оның үстіне дүние жүзінде бұрын болмаған қуыршақ образын жаратуға болатынын байқайды. Осыдан кейін 2015 жылға дейін үздік-создық жобалап, сызумен болып, 3000 нан астам қайталанбаған қуыршақ образын жарыққа шығарды, туындылары қазір де үздіксіз молығуда.

Аршын Намазбекұлы былай деді: «Дүние жүзілік рекорд қоғамы берген дүние жүзі бойынша қуыршақ образын жобалауы ең көп деген рекорд куәлігін алғаныма төтенше қуаныштымын. Осы рекорд арқылы еліміздегі суретшілердің қуыршақ суреті жағындағы төтенше бай қялдау қуаты мен жасампаздық қабілетін әйгілегім келеді. Тіпті де көп қуыршақ суреті әуескерінің және қуыршақ суретін сызумен шұғылданушылардың төл жасампаздыққа бейімделуін, шетелдің туындыларына көзсіздікпен еліктемеуін үміт етемін».
Аршын Намазбекұлы тағы былай деді: «Арманға талпыну жолымда өнер үйреткен қамқор ұстаздарыма және алға басуыма қолдаушы болғандарға айрықша рақмет айтамын. Дүние жүзілік рекорд қоғамына да айрықша рақмет айтамын». Ол өзінің алдағы жерде тынбай құлшынып, тіпті де көп туынды жаратып, қуыршақ суретіне қызығушылардың назарына ұсынатынын білдірді.

Дүние жүзілік рекорд қоғамының ресми тор бекеті осы түрдің нақты санды мәліметін бір уақытта жарялады.

http://www.senkazakh.com/kz/forum.php

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз