Аталмыш сауалнамаға 63 елдің 18 ден 34 жасқа дейінгі аралықтағы ер және әйел азаматтыры қатысқан. Сауалнама қорытындысы көрсеткендей Қазақстан ағылшын тілін нашар меңгерген елдердің қатарына кіріп, 54-сатыға орын тепкен. Ал ағылшын тілін жетік меңгерген елдердің көшін Скандинавия елдері бастап тұр. Ал Азия мемлекеттері арасында ағылшын тілін меңгеру деңгейі әртүрлі, жоғарғы деңгейден өте төмен деңгейге дейінгі, дамудан тұрақты тоқырауға дейінгі аралықта өзгешеленеді. Оңтүстік-Шығыс Азияның үш мемлекеті – Индонезия, Таиланд, Вьетнам бүкіл әлем бойынша ағылшын тілін меңгеру жағынан ең жоғарғы көрсеткішті көрсетсе, бұл елдердің қатарына Гонконг, Тайвань мен Жапония да қосылады.
Латын Америкасы, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы елдердің барлығы дерлік төмен немесе өте төмен деңгейді көрсеткен. Аргентина, Доминикан Республикасы және Біріккен Араб Әмірліктері ағылшын тілін меңгеру жағынан орташа деңгейді көрсетіп, өздері орналасқан аймақтарда көш бастап тұр.
2014 жылдың 12 қарашасында жарияланған EF EPI индексінің төртінші басылымына сәйкес әлем бойынша ағылшын тілін меңгерумен байланысты жағдай келесідей көрініс тауып отыр: Даниядағы ересек тұрғындардың ағылшын тілін шет тілі ретінде меңгеру деңгейі өте жоғарғы деңгейде, одан кейінгі орынды Нидерланды мен Швеция алып отыр. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс халқы ең нашар нәтижені көрсетті. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі бүкіл әлем бойынша әр түрлі.
«Ағылшын тілі кәсіби, мәдени және экономикалық құндылықтармен алмасуға арналған маңызды тұғыр болып табылады. EF EPI арқасында тілді меңгерудің маңыздылығы бүкіл әлем бойынша артты», – деп атап өтті EF Education First Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті, доктор Кристофер Маккормик.
Ағылшын тiлiн меңгеру деңгейіне арналған EF индексiнің 2014 жылдағы нәтижелері
Рейтингі | Мемлекет | EF EPI | Деңгейі |
12 | Малайзия | 59.73 | Жоғарғы |
13 | Сингапур | 59.58 | Жоғарғы |
24 | Оңтүстік Корея | 53.62 | Орташа |
25 | Үндістан | 53.54 | Орташа |
26 | Жапония | 52.88 | Орташа |
28 | Индонезия | 52.74 | Орташа |
30 | Тайвань | 52.56 | Орташа |
31 | Гонк Конг | 52.50 | Орташа |
33 | Вьетнам | 51.57 | Төмен |
37 | Қытай | 50.15 | Төмен |
48 | Тайланд | 47.79 | Өте төмен |
49 | Шри-Ланка | 46.37 | Өте төмен |
54 | Қазақстан | 42.97 | Өте төмен |
61 | Камбоджа | 38.25 | Өте төмен |