Жер бетіндегі ең ірі ғажайып аңғарлар

1
586

Жер бетіндегі ең ірі ғажайып аңғарлар

Жер беті ғажайып сырларға толы. Көптеген таңғажайып құбылыстардың әлі де сыры ашылмай келеді. Жер бетіндегі табиғи және адамдар қолымен қазылған ғажайып аңғарларды тамашалаңыз.

«Тозақ есігі» деп аталған бұл жанартау аңғары Түркіменстанда орналасқан. 1971 жылы байқалған. Сол кездегі Кеңес одағының геология ғалымдары бұл жердегі табиғи газдан пайдалануға болатынын байқаған. Бірақ, бұл ғажайып өртке оранған аңғардың неге әлі лаулап тұрғанын және қашан өшетіні әлі күнге беймәлім.

Американың Аризона штатында орналасқан метеорит аңғары. Бұл күні бүгінге дейін ең кемелді сақталған метеорит аңғары болып есептеледі. Ғарыштан түскен алып тастың соқтығысынан пайда болған. Ғалымдардың айтуынша, бұл аңғардың пайда болғанына шамамен 50 мың жылдан асқан. Тереңдігі 170 метр. Ол жерге түскен кездегі жарылыс күші Американың Жапонияға тасталған атом бомбасынан да асып түскен.

Америкада орналасқан бұлақты аңғар. Бұл жер бетіндегі ең алып бұлақ қайнары болып есептеледі. Бұдан 100 жыл бұрын оның көрінісі тым көркем болатын, біраз суретшілер мен әдебиетшілердің туындыларына арқау болған. Әр түрлі түспен көмкеріліп жататын көрікті аңғардың экологиясы қазір қатты бұзылып, түсі де өзгерген.

Солтүстік Америкада орналасқан меруерт тас аңғары. Соғыс жылдарында адамдар қолымен қазылған ең ірі аңғар. Қазір суға толып, терең көлге айналған. тереңдігі 215 метр, кеңдігі 413 метр. Бұл жерден 2272 келі меруерт қазып алынған екен.

 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: baidu.com

http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/7430/

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз