Астанада шаңғы мерекесі өтті

0
466
1
 Астанада Есіл өзеніндегі қалалық саябақта жылдың басты шаңғы мерекесі «Бұрқасын-2015» өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеп отыр. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және ҚР Конституциясының 20 жылдығына орайластырылған жарыс Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасымен ұйымдастырылды. Іс-шараға 3 мыңнан астам елордалық қатысты. Соның ішінде мектеп оқушылары, студенттер, оқу орындарының ұстаздары, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының және елордадағы мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, қоғам өкілдері, қала қонақтары қатысты. Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Бұл Астана үшін өте маңызды күн. Қала әкімдігі мен Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастыруымен шаңғы тебу ұйымдастырылды. Өте тамаша. Жарысқа үш мыңға жуық адам қатысты. Өзім де қатыстым. Қатысушылардың қатарында зейнеткерлер де, жастар да бар екен. «Бұрқасын-2015» – бұл отбасылық және корпоративтік демалыстың үздік түрі. Дәстүрге айналған бұқаралық спорт мерекесі биыл 13-інші рет өткізіледі. Берік Маржықпаев, Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы: – Спортшы қауымға, Астана қаласының тұрғындарына, қонақтарына мың рақмет. Бәрі де шаңғы фестиваліне келіп жатыр. Бір-екі айналымға қатысып, дайындалып, жақсы өнер көрсетуде. Жарыс бағдарламасына ерлер, әйелдер, жігіттер, қыздар, балалар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жарыстар енген. Дәстүрлі шаңғы жарысының жеңімпаздары естелік жүлделер мен сыйлықтарға ие болды. Айсұлтан Жақыпбеков, спорт ардагері: – «Бұрқасын-2015» фестивалі өте жақсы өтті. Бұл шара – жастарға өнеге. Жасым 70-тен асты, бүгін осы фестивальға қатыстым. Жастар да біз сияқты осындай сайыстарға қатысып, дендері сау, бақытты болса екен деп тілеймін.

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/52091-rekesi-tti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз