Жер-жаһанды шулатқан көйлектің түсі қандай?

0
1358
2
 Ғаламтор порталдардың бірінде әлдебір бойжеткен жариялаған сурет бүкіл әлемді екіге бөліп тастады. Бірі – бұл ақ пен алтындай сары түстес көйлек десе, екіншісі – көк пен қара аралас дейді. Жұмбақтың ақ-қарасын анықтау үшін тіпті сауалнама жүргізілген. Бір қызығы, дауыс берген адамдардың 75%-ы бірінші топқа жатады. Ал әлгі көйлекті тігіп, сатылымға шығарған компанияның өкілі оның шын мәнісінде қанық көк пен қара аралас түсті екенін мәлімдеп отыр. Мишель Басток, көйлекті шығарған компанияның дизайн жөніндегі директоры: – Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл – қанық көк пен қара түс аралас көйлек. Біз оны ешқашан әлгі дау болған түсте тіккен емеспіз. Тіпті жоспарымызда болған емес. Бірақ егер тапсырыс түсіп жатса, ондай түрін де шығаруға болады деп ойлаймын.

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/52135-ti-t-si-andaj

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз