Қарағанды облысында жамбы атудан жарыс өтті

0
57
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Нүркен ауылында жамбы атудан жарыс өтті. Оған іріктеу кезеңінен үздік шыққан 36 адам қатысты. Нысанаға дөп тиген мергендер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жамбы ату – қазақ жұртының көнеден келе жатқан дәстүрлі ойыны. Бұл ерте заманда жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін өткізіліп келген. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа іріктеу кезеңінде үздік өнер көрсеткен 36 адам қатысты. Оларға бір ай бойы дайындық сабақтары, танымдық семинарлар өткізілген. «Мақсатымыз – ұмыт болып кеткен бұл ұлттық ойынымызды қайта жаңғырту», – дейді игі істің басы-қасында жүргендер. Қайыржан Дүйсеков, жарысты ұйымдастырушы: – Жастардың ұлттық ойынға деген құштарлығы өте жақсы. Түкпір-түкпірден келіп жатыр. Кенже дамып жатса да, осы ойынның келешегі мол. Бұған көзіміз жетіп жатыр. Ойын ережесіне сәйкес қатысушылар сәйгүлікпен шауып келіп, үш бірдей нысанаға жебе атуы тиіс. Жарыс барысында көпшілігі мергендігімен танылды. Қасым ауылынан келген Мейрамгүл Сейілханова – жарысқа қатысқан жалғыз нәзікжанды. «Садақ тартып, бағымды сынауға әрі қазақ қыздарының қайсарлығын көрсетейін деп әдейі келдім», – дейді ол. Мейрамгүл Сейілханова, жарысқа қатысушы: – Қыз балаға тән емес деп айтып жатады. Бірақ бұрыңғы кезде атам қазақ қыз-ұл деп бөлген жоқ қой. Талай аналарымыз, әжелеріміз атқа мініп, жауға шапқан ғой кезінде. Бұл күні нысанаға дөп тиген мергендердің барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздардың қатарында өзге ұлттың өкілдері де болды. Денис Клименко 3-орын алды. Ұйымдастырушылар келешекте жарысты облыс деңгейінде өткізсек дейді. Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/52142-zharys-tti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз