Филиппин астанасы Манилада ерекше мұражай жұмыс істейді. Әдетте мұражайға барған адам ондағы шығармалар мен жәдігерлерді сырттай тамашалайды. Ал мұнда келушілер туындылардың кейіпкеріне айнала алады. Бұл – осы елдегі 3D форматындағы ең ірі мұражай. Онда 200-ден астам сурет қойылған. Бұрынғы автобус бекетінің ғимаратында орналасқан мұражайдың ашылғанына 3 айдан енді ғана асыпты. Онда шығармаларды үш кескінді бейнеде көрсететін 11 зал бар. Келгендерді айрықша сезім мен әсерге бөлейтін картиналарды 4 жергілікті графика дизайнері мен 18 кәріс суретшісі салған. Мұнда кіру құны ересектер үшін – 11,5, ал студенттер мен мүгедек жандар үшін 9 АҚШ доллары. Дженна Элиель, АҚШ-тан келген турист: – Сіз басқа мұражайларға барғанда, өзіңізді өте салмақты ұстауыңызға тура келеді, ал мұндағы жағдай мүлде өзгеше, бұл жерде өнерді ерекше бағалауға мүмкіндік бар, себебі атақты туындылардың қасында тұрып, сіз шын мәнінде көп қызыққа кенелесіз.
Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/52151-mys-istejdi