Сарапшылар АҚШ-ғы ең сенімді автокөліктерді атады

0
334
Сарапшылар АҚШ-ғы ең сенімді автокөліктерді атады
АҚШ-тың J. D. Power and Associates агенттігінің сарапшылары АҚШ-ғы ең сенімді көліктердің тізімін құрастырды.
Тізімді құру кезінде сарапшылар 2012 жылы шығарылған көлік иелеріне сауалнама жүргізіп, жүргізушілерден соңғы 12 айда көліктеріне байланысты туындаған негізгі қиындықтарды атауды сұраған. Олардың сенімділік деңгейі 100 автомобильге шаққандағы ақаулықтар санымен анықталған.Сенімділік рейтингінде бірінші орын Lexus компаниясының көліктеріне берілді. Сарапшылар аталмыш брендтің 100 көлігіне шаққанда барлығы 89 ақаулықты ғана тіркеді.

Екінші орында — Buick маркасы (100 автомобильге шаққандағы 110 проблема). Бірінші үштікті Toyota түйіндейді. Жапония бренді көліктерінің 100 көлігіне шаққанда 111 ақаулығы анықталған. Көлік иелері ең көп ақаулықтарды Jeep (100 — 197), Land Rover (100 — 258) және Fiat (100 — 273) көліктерінен анықтады.

J. D. Power and Associates агенттігі сарапшыларының атап өтуінше, АҚШ-тың көлік жүргізушілері ұялы телефонда Bluetooth қосу функциясының жұмыс істемейтінін шағым білдіреді.

Бұдан басқа, бірқатар жүргізушілер өз көліктеріндегі қозғалтқыш пен беріліс қорабының жұмысындағы ақаулықтарды атап өткен. Сондай-ақ сұралған жүргізушілердің бір бөлігі аудиожүйе, навигация, климаттық бақылау және ақпараттық ойын-сауық жүйесінің лайықсыз жұмысына шағымданды, деп жазады шетелдік БАҚ.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз