Ресейлік ғалымдар бала суға батқанда белгі беретін білезік ойлап тапты

0
362
1.5
Ресейлік ғалымдар ата-аналарға балаларының суға батып бара жатқаны туралы белгі беретін білезік ойлап тапты, деп хабарлайды ТАСС.«Бұл құрал қауіпті тез «сезеді» — қолдарын үрейлі сермеу, жиілеп кеткен жүрек қағысы ата-аналарға балаларының қауіпті жағдайға түскені туралы хабарлайды. Білезік бала судың бетінде тұншыға бастаған сәтте-ақ іске қосылуы тиіс», — дейді жоба қолға алынып жатқан Том университетінің қызметкерлері.

Электрондық құрылғыны ылғалдан герметикалық қабығы қорғайды. Бұдан басқа, құрылғыға бала су астына кеткен жағдайда судың бетінде көрінетін арнайы жалауша бекітілген — бұл суға батқан баланың құтқарылу мүмкіндігін көбейтеді.

Білезік 120 метрге дейінгі қашықтықта радиобелгі бере алады. Құрылғылар жұптап шығарылмақ: балалар білезігі қауіп төнгені туралы ақпарат таратса, ата-аналарға арналған білезік оны қабылдап, белгіні қабылдайды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз