Қарағанды облысында қызметкерлерге өшіккен әйел, қонақ үйді жармақ болды

0
331
Қарағанды облысында қызметкерлерге өшіккен әйел, қонақ үйді жармақ болды
Қонақ үйдің қызметкерлеріне ашуланған Теміртау қаласының тұрғыны «112» қызметіне қоңырау шалып, қонақ үйде жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан деп хабарлайды Bnews.kz.«Теміртау қаласының 32 жастағы тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 273 бабы «Террорлық акті туралы көрінеу жалған ақпарат» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады Қостанай облысы ІІД-ден.Полициядан мәлімдегендей, 1 наурыз күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері жалған ақпар таратып, барлық күш құрылымдарын аяқтан тік тұрғызған 32 жастағы әйелді ағасының пәтерінде қолға түсірді.

«32 жастағы тұрғын қаладағы қонақ үйлердің бірінде бөлмені жалға алмақшы болады, алайда бөлменің ешқайсысы бос болмай қалған. Жоспарын «құртқан» мекеме қызметкерлеріне ашуланған қыз «112» нөміріне телефон шалып, қонақ үйде жарылғыш зат бар екенін айтқан», — деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.

Қонақ үйге шұғыл жеткен күш құрылымдары персонал мен клиенттерді эвакуациялап, минаны іздеуге кіріседі. Алайда ғимаратты тексеріп шыққан кезде ешқандай жарылғыш заттың қойылмағаны белгілі болды.

«Қазіргі таңда ол уақытша қамау абақтысына жабылды, тексеріс жүріп жатыр. Теміртау тұрғынына алты жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр», — деп атап өтті ІІД-лер.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз