Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова түсірген клип жарық көрді

0
64

Әнші Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалованың көрермен үшін әзірлеген музыкалық сыйлығы көпшілік назарына ұсынылды.

Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова “Сен мені түсінбедің…” әніне бейнебаян түсірді. Бұл ән Қайрат Нұртастың репертуарындағы хиттердің бірі. Нәзік сеземге толы романтикалық әнге әнші жұптың түсірген бейнебаяны да әсерлі үйлесім тапқан.

Қайрат пен Жанар қазіргі қазақ эстрадасында жұлдызы жанған өнер иелері. Білуімізше, Қайрат Нұртаспен бірігіп бейнебаян түсіру Жанар Дұғалованың продюсері Баян Мақсатқызының идеясы екен.

Баян ханым Қайраттың продюсері Гүлзира Айдарбековаға бірігіп бейнебаян түсіруге ұсыныс жасаған екен, ол кісі қабыл алыпты. Бейнебаянның шығынын екі жақ теңдей бөліп алған көрінеді.

Дәл қазіргі кезде Жанармен бірге дуэт жазып, бейнебаян түсіргісі келетін әншілер көп. Солардың бірі белгілі әнші Айқын Төлепберген. Айқынның продюсері Эрик Тастанбеков те Айқын Төлепберген мен Жанар Дұқалованың дуэтіне бейнебаян түсіруді жоспарлап жүр екен.

Источник: Алаш Айнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз