Мұсылмандар Телібековті сайлауға түсуге шақырды

12
38

 

Мұсылмандар алдағы сәуір айында болатын Президент сайлауына өз үміткерлерін таңдады, деп хабарлайды NewTimes.kz сайтының ақпараттар қызметі.

Мұсылмандар Телібековті сайлауға түсуге шақырды
Мұсылмандардың үміткері – Мұрат Телибеков екен деп жазады Abai.kz.

«Президент сайлауы – бұл патриоттық акт, экономиканың тұрақтылығына пәрмен беретін, еліміздің өркендеп өсуі мен азаматтардың жақсы тұрмысын қамтамасыз ету үшін халықтық шешімдер қабылдаудың мүмкіндігі. Сондықтан біз, көктемнің алғашқы күнінде, Сізді барлық қазақстандықтар қалап отырған қадам жасауға шақырамыз», – деп жазылған Телібековтың атына жолданған үндеуде.

Телібековты Президент сайлауына шақырған бұл үндеуді еліміздегі исі мұсылманның үндеуі деп түсіну артықтау болар… өйткені, ол – ҚМДБ-ның емес, мұсылмандар қауымдастығы деп аталатын ұйымның ғана төрағасы.

Үндеудегі «барлық қазақстандықтар қалап отыр» деген сөз де асырып айтылған. Себебі, Телибеков елімізге аса танымал тұлғалардың қатарына жатпайды. Әйткенмен де, сайлауға үміткер ретінде қатысуға оның толық қақысы бар.

«Сіз мұсылман қауымының ақыл-ойын кемел меңгергендіктен оны ақыл-парасаттың шегінде пайдаланып, Қазақстан мұсылмандарын барлық сынақтан алып шықтыңыз» делінген әлгі үндеуде.

Үндеушілердің сөзіне қарағанда, Телібековты әлем жұрты ақылды, беделді тұлға ретінде таниды екен. Телибековтың ұсыныстары жаһан жұртының тарапынан қолдау тауып, миллиондардың жүрегінен жол тауыпты.

12 ПІКІРЛЕР

  1. Қақысы бар шығар, бірақ мен жеке өзім қазіргі президентке даусымды берер едім. дінге әрине сеніп, Аллахқа құлшылық етеміз. Алайда бұл жерде бүкіл мемлекеттің ісі қолында болатын ұмытпау керек

  2. Ағайын бұл президенттік сайлау мен мұсылмандар одағының арасы жер мен көктей!

  3. Телібековті барша мұсылманның атынан телігеніне қайранмын. Ол өзі қандай мұсылман, шыныдығында? Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды дегенді айтқан қазақ! Так что многие не занют самозванца Телииибиковоу-ау!!!

  4. Мұсылмандығында шаруам жоқ. бірақ қазақ тілін «презерватив» деп айтқанын ұмыта қоймаспын.

  5. Осының көзін құртыңдаршы. қазақтың атына кір келтіріп, небір былапытпен араластырып аузына келгенін айтып жүрген адамды қазақтың атынан сайлауға қатыстырмаңдаршы.

  6. Телібековке бұл науқанға қатысып абырой жинаудың керегі жоқ. Оның кім екенін, қандай екенін халықтың бес саусақтай білетіні анық

  7. Қазаққа бір грамм еңбегі сіңбеген азаматтардың бұндай маңызды науқандарға қатыстырмау керек. Олар отан емес мүдде мәлесін көздеп кетуі мүмкін.

  8. Телібековті танымайды да екенмін. Егер мұсылмандар ұйымының төрағасы болса онда ол кісінің позициясын, өткенін бақылап барып қатыстыру керек. Кім біліпті, жау ішіңде деген.

  9. Бұл сайлауға қатысқысы келгендер қатыссын, ешкімнің ешкімге зияны жоқ қой. Халық таңдауын осыдан жиырма үш жыл бұран таңдап қойған.

  10. Телібековтың аты соңғы кездері сол жағынан көп шығып кетті. Ол кісінінің өзін иманға шақыру керек ау деймін.

  11. Осы уақытқа дейін істеген ісі көзге көрінетін азаматтарымыз бар қаншама. Одан да сондай кісілерді түсірейік сайлауға. Телібеков кім еді?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз