«Миланның» бұрынғы ойыншысы Қазақстан намысын қорғамақ

0
498

 

Футболдан Қазақстан құрамасы тағы бір ойыншымен толықты. Бұл жолы 6 жасында Германияға көшіп кеткен Александр Меркель ұлттық құраманың жейдесін киюге келісім берді деп хабарлайды NUR.KZ.


Александр Меркель 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ал 1998 жылы ол отбасымен тарихи отаны Германияға көшіп кеткен.

Кішкентайынан футболмен әуестенген Меркель бүгінге дейін Италияның «А» сериясындағы «Милан», «Дженоа», «Удинезе» секілді клубтарда ойнаған. Ал дәл қазіргі сәтте швейцариялық «Грассхоппер» клубының намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, отандық мамандар Александр Меркельдің талантын тап басып танығанымен, ол Қазақстанның намысы қорғауға асыққан жоқ. Ол БАҚ-қа берге сұхбаттарында Ресей құрамасында ойнауға кетәрі еместігін, егер Ресей тарапынан ұсыныс түссе бірден қабылдайтынын айтқан болатын.

Алайда, Меркельге Ресей ешқандай да ресми ұсыныс жасаған жоқ. Ал бүгін Қазақстан құрамасына ресми түрде қабылданған Меркель «Ресейде ойнаймын деп айтқан жоқпын» деді.

Егер құжаттардың бәрі реттелсе, Александр Меркель 28 наурыз күні Қазақстан құрамасы мен Исландия арасындағы кездесуге қатысуы мүмкін.

Меркель Германиядан келген Қазақстан сапындағы алғашқы ойыншы емес. Бұған дейін Сергей Каримов пен Генрих Шмидгальдар ұлттық құрамада ойнаған.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз