Жоғарғы сот судьясы ұлы қамауға алынғаннан кейін қызметінен бас тартты

0
32

 

Жоғарғы сот судьясы Елена Ақмолдаеваның қызметінен кетуіне ұлы Әлжан Ақмолдаевтың атышулы “Қарағандылық іс” бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы себеп болды.

Жоғарғы сот судьясы ұлы қамауға алынғаннан кейін қызметінен бас тартты
Жоғарғы сот судьясы отставкаға кетті

Бұл туралы «Время» газеті жазады.

Тергеу болжамдарына сәйкес Әлжан Ақмолдаев индустриялы парк құрылысынан ұрланған қаржыны қолма-қол қаржыға айналдырып отырған.

Ақмолдаев аталмыш нысанда қосалқы мердігер қызметін бақылаған. Қаражат құрылғыларды көтеріңкі бағамен жеткізетін төрт түрлі фирма арқылы алынған. Қала және облыс әкімдерін тергеу изоляторында, экс-премьер Серік Ахметовты үй қамауында ұстау шешілгенімен, Ақмолдаев біраз уақыт еркіндікте жүрген болатын.

Қазанның аяғында Қарағанды облысының прокуратурасы ақырында оның астаналық пәтерінен тергеу изоляторына көшіп келуіне қол жеткізді.

Өткен бейсенбі Сенат Жоғарғы сот судьясы Елена Ақмолдаеваның қызметтен кету туралы өтінішін қанағаттандырды.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз