
Қырғыз еліндегі қасапханалардың бірінен жіліктелген есек еті табылды. Арам малдың өнімі тіптен мейрамханаларға өткізілген.
Бүгінде Алматыға қырғыз асып жететін өнімдер аз емес. Мұндай еттің қаладағы самса дүңгіршектері мен жылдам тамақтану орындарына түспесіне кім кепіл?
Өткен аптада Бішкек қаласы маңынан табылған есек етінің қасапханасы дүйім жұртты дүрліктірген болатын. Журналистер дәл осы сарайды баса көктеп кіріп, жағдайды ашық көрсеткен еді. Мамандардың пікірінше бұл ет жарты бағамен самсахана, жедел тамақтану орталықтары сынды ұсақ дүңгіршектерге өткізіліп отырған.
Есектің еті базарлар түгілі Алматы қаласына да кіргізілмейді. Себебі, есек арам малдың еті.
Осы арам еттің елімізде сатылып жатқан жоқпа деген күдікті жауапты органның мамандары сейілткендей болды.
«Есектің еті базарлар түгілі Алматы қаласына да кіргізілмейді. Себебі, есек арам малдың еті. Оның етін өз басым көрмеппін», — деді Алматыдағы Әуезов ауданының ветеринариялық бақылау бөлімінің дәрігері Сәбит Рыскелдиев.
«Қырғызстаннан бізге ет әкелінбейді. Алматыдағы сатылып жатқан жылқы, сиыр, қой, шошқа еттері Шымкент, Жамбыл және Алматы облысынан жеткізіледі. Қалада сатылатын ет алдымен Алтын-Орда, Сақа базарларында бір тексеруден өтсе, бөлшектелген соң екінші деңгейлі базарларда қайта тексеріледі. Зертханадан өткендердің ғана құжаты болады және сатуға рұқсат беріледі», — деді зертхана меңгерушісі Райхан Омарова.
Елімізде арам ет сатылмайды деп сендіргенімен, мал етінің сапасына ешкім жауап бермейді. Себебі, күннің жылынғанын пайдаланған пысықайлар, қаланың қақ ортасына күрке тігіп, ет өнімдерін ашық сата бастаған.
Қырғызстаннан бізге ет әкелінбейді. Алматыдағы сатылып жатқан жылқы, сиыр, қой, шошқа еттері Шымкент, Жамбыл және Алматы облысынан жеткізіледі
Не құжаты, не санитарлық талапты елемеген саудагерлер бізді көргенде ат тонын ала қашты. Тұрақты тұтынушыларының бірі жақында орналасқан самса дүңгіршегі екені айқын. Дәл осындай заңсыз әрекеттерге, құзырлы орындар тексеру жүруге қауқарсыз.
«Олар жылдап та тексерілмейді. Себебі, шағым түссе ғана тексереміз», — деді Алматыдағы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы Анель Мұсаева.
Алматыда мыңнан аса самса, дөнер, бәліш пісіретін ұсақ дүңгіршектер жұмыс істейді. Талап бойынша бұл кәсіпкерлер ет, ұн өнімдерін тексеруден өткен арнайы орындардан сатып алулары тиіс.
Алайда біз құжат сұраған бірнеше орында тек сылтаудан басқа, қажетті қағаздардың бірі болмады.
Тағы бір айтары былтыр қаламызда ет өнімдері мен қоғамдық тамақтану орындарына қатысты құзырлы орган қызметкерлеріне бірде бір шағым түспеген. Ал мегополисте мысық, есек еттері саудалынып жатыр дегенді жергілікті мамандар түбегейлі жоққа шығарды.
По сообщению сайта Nur.kz