
Ақтауда бес студент қыз бір мезгілде өз өздеріне қол жұмсамақ болды.Медициналық колледждің екінші курсында оқитын болашақ дәрігерлер бір пәтерге жиналған. Содан соң, бесеуі дене қызуын төмендететін парацетамол дәрісін ішіпті. Яғни, әрқайсысы 50 таблеткадан жұтып қойған.
Бүгінде қыздар дереу Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың асқазанын тазалаған.
Әзірге бес қыздың бірігіп неліктен мұндай қадамға барғаны анықталу үстінде. Қыздардың бұл қылығын тексеру үшін психологтар жұмыс істейді.
По сообщению сайта Nur.kz