Қазақстандық бильярдшы Әлібек Омаров әлем чемпионы атанды

0
41
Қазақстандық бильярдшы Әлібек Омаров әлем чемпионы атанды
Қазақстандық бильярдшы, спорт шебері Әлібек Омаров Алматыда ерлер мен әйелдер арасында «Құрама пирамида» атты бильярд спорты бойынша өткен Әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды.Ақтық сында отандасымыз халықаралық дәрежедегі спорт шебері Евгений Куртамен (Белоруссия) кездесті. Тартысты өткен бәсекеде Әлібек 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, Әлем біріншілігі  24-27 ақпан аралығында Алматы қаласында Халықаралық құрама пирамида конфедерациясының қолдауымен өткен болатын.

Оған әлемнің 13 елінен ең мықты деген бильярдшылар қатысты. Қазақстанның бильярд спорты федерациясының мәлімдеуінше, елімізде бильярдан әлем чемпиондарының саны беске жетті.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз