Ақтау қаласындағы әуежайдың автотұрағында 2 млн теңгеге жуық ақшалай қаражат ұрлады деген күдікпен 42 жастағы Маңғыстау облысының тұрғыны ұсталды.27 ақпан күні түнде 25 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны қалалық әуежайда оның жеке заттары тұрған арбадан ішіне 1 млн 450 мың теңге, 2350 АҚШ доллары, жеке құжаттар мен автомашинаның кілті салынған қара барсетканың ұрланғандығын айтып шағымданған.
Жедел-іздестіру шарасы барысында Маңғыстау облысы, Ақшақыр поселкесінің 42 жастағы тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде ұсталған азаматтан ұрланған ақшалар, сондай-ақ » BMW-X6» автомашинасының кілті табылып, алынды.
Қазір ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.
По сообщению сайта Nur.kz