
Белгілі болғандай, үнділік вакцинаның сапасы әлі сараптамадан өтпеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да тиісті қорытынды жасамапты.
«Сондықтан иммундау кампаниясы 4 мамырға дейін тоқтатылады», — делінген хабарламада.
Осыған дейін қызылшаға қарсы қосымша екпені дәрілік препараттарды зерттеумен айналысатын ұлттық орталық 10 күн ішінде зерттейді, сондықтан 2 наурызға дейін қызылшаға қарсы вацкинацияға тыйым салынады, деген ақпарат тараған-ды.
Бұған елімізде тіркелген бірқатар келеңсіз жайттар себеп. Еске салсақ, 11 ақпанда қызылшаға қарсы екпеден соң Теміртау медициналық колледжінің 18 оқушысы төсек тартып қалды.
Ал 16-18 ақпан аралығында дәл осы вакцинадан Жаңаөзенде 30 шақты жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты.
По сообщению сайта Nur.kz