Атырауда мұнай компаниясының жұмысшысы жатақханада өзіне қол салды

0
26

 

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық қалашығында «НСС» ЖШС жұмысшысы өз өзіне қол салды.

Атырауда мұнай компаниясының жұмысшысы жатақханада өзіне қол салды
Қайғылы оқиға 1 наурыз күні кешкісін болған. Жатақханадағы бөлмесінде екіқабатты керуетке асылып тұрған марқұмды көршісі тауып алады. Оны бірден ТШО-ның клиникасына жеткізіп, медициналық көмек көрсетілген. Өкінішке орай, мақұмды  құтқарып қалу мүмкін болмады.

Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек Қаражановтың айтуынша, өз-өзіне қол жұмсау себебі анықталуда. Бөлмеде өлер алдында жазып қалдырған ешқандай хат табылмаған.

Осы факт бойынша әзірге ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған, тергеу алды тексеру жүріп жатыр.

Бейресми дерек бойынша, суицидтің орын алуына сүйіктісімен ұрысып қалуы себеп болуы мүмкін деген бір болжам бар.

Источник: Ак Жайык

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз