Қостанай облысында масайып алған мұғалім екі қызды соққыға жықты

0
44

 

Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы орта мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқаратын азамат мас күйінде дүкеннен нан алуға келген екі қызды ұрып-соқты.

Қостанай облысында масайып алған мұғалім екі қызды соққыға жықты

Кешкі уақытта 19 және 16 жасар апалы-сіңлілі ата-аналарының өтінішімен нан алуға дүкенге шыққан болатын деп жазады «Айна» газеті Қарабалық ішкі істер басқармасына сілтеме жасай отырып.

Қыздар қажетін алып үйге беттегенде алдынан алкоголь иісі мүңкіген ер кісі шыққан. Ол қыздарға тиісіп балағат сөздер айта бастаған, кейіннен, екеуіне тап беріп тұншықтыруға кірісіпті.

Жапа шеккендер құтылуға тырыспақшы болғанда, ашуға булыққан ер кісі жасы үлкен қызды бетінен ұрып, кішісін қатты итеріп, жерге құлатқан, кейін, қыздың қолын қайырған.

Арпалыс кезінде қыздардың бірі жәбір көрсетушінің аяғынан теуіп, ақыры апалы-сіңлілі қашып құтылған. Болған жайтты ата-анасына айтқанда, олар бірден полиция қызметкерлеріне жүгінген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тап берушіні түні бойы іздеген. Келесі күні жапа шеккен қыздар ұсталған бұзақының дәл өзі екенін растады.

Қыздарға қол көтерген тұрғын отбасылы, кішкентай балалары бар денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып шыққан. Аталған факті бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз