Қостанайда ІІМ академиясынан тоғыз Тәжікстандық курсант қашып кетті

0
401

 

Қостанайдағы ІІМ академиясының асханасында болған төбелестен кейін тоғыз тәжікстандық курсант оқу орнын тастап кеткен деп хабарлайды Новая газета.

Қостанайда ІІМ академиясынан тоғыз тәжікстандық курсант қашып кетті
Курсанттар арасындағы төбелес оқу орны аумағын тазалаудан басталған. Жаппай төбелес басталған соң, екі ел арасындағы келісім бойынша академияда оқып жатқан Тәжікстанның 9 азаматы оқу орнынан кетіп қалған.

Олар академияның ауласынан секіріп кетіпті. Тәжікстандық курсанттар бір түн бойы жалдамалы пәтерде тұрып, академияға таңертең оралған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен тәжік қауымдастығының жетекшісі Эргашвой Холметов келді.

Тәжік қауымдастығының жетекшісі бұл төбелеске екі тараптың да қатысы барын, түсініспеушілік жастықтың буымен болғандығын айтқан.

Академия басшысы Мирлан Қызылов болса, әзірге бұл оқиғаға қатысты еш түсініктеме бере алмайтыны айтты.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз