Алтынбек Қоразбаев қайтыс болған жолдасының отбасын сотқа берді

0
257

 

Атақты сазгер Алтынбек Қоразбаев жерге таласып серіктесінің жесірін сотқа берді. Бүгін Алматыдағы Әуезов ауданының соты Алтынбек Қоразбаевтың шағымы бойынша істі қарады деп хабарлайды NUR.KZ.Алтынбек Қоразбаев қайтыс болған жолдасының отбасын сотқа берді

Белгілі композитор бір жыл бұрын қайтыс болған серіктесі Құлжанов Сырымға өнер мектебін салдыртқан. Кейіннен қалған жерді кәсіпкердің атына жазып берген.

«Енді мектеп қолдануға жарамсыз» деген композитор Қоразбаев кәсіпкердің жесірінен сот арқылы жерді алып алуды көздеп отыр.

Сазгер даулаған нысан 900 шаршы метрді алып жатыр. Қазір баспана жалға берілген көрінеді. Бірақ сатылған кезде ол небәрі 474 шаршы метрді құрапты. Жауап беруші тарап дәл осы аумақтың ұлғаюы сазгердің қызғанышын тудырса керек дейді. Себебі бастапқы ақшаға Қоразбаевтың аяқасты көңілі толмай қалған.

Жауап берушінің адвокаты Мина Амир Валиева: «Біріншіден, екі рет өткен сот процесіне композитор мен оның заңгері келмеді. Бұл сыйламағандық деп ойлаймын. Екіншіден, бізде нотариус арқылы бекітілген заңды құжат бар. Заңға сүйенсек, біздікі дұрыс. Алтынбек Қоразбаев өз атағын пайдаланып, бізге жала жауып отыр», – дегенді айтты.

Ал Алтынбек Қоразбаевтың өзі: «Қайтыс болған Құлжанов Сырым салған өнер мектебі қолдануға мүлде жарамсыз. Міне төрт жыл болды. Осы уақыт аралығында қанша шәкірт тәрбиелеп тастаған болар едім. Бұл менің әрі отбасымның кішкентай ғана қарап отырған кәсібіміз. Менікі дұрыс. Адалмын. Ақпын. Мен қазір ақталғаныммен ол бос сөз болып қалады. Сот нүктесін қояды», – дегенді алға тартты.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз