Ғаламшардың шіріген байларының жаңа тізімі

0
38

 

 

 

Forbes журналы ғаламшардың шіріген байларының жаңа тізімін жария етті. Биылғы жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша ақшаның бетіне қарамайтын адамдардың қарасы көбеймесе, азаймаған. Демек, ғаламдық дағдарыс жекелеген жандарға анау айтқандай әсер етіп жатпаған екен…

Осы тізімнің жуан ішіде бір топ қазақстандық қалталылардың болғандығына мақтанып отырмыз. Әлемнің ең бай адамдарының тізіміндегі отандастарымыздың тізімі былай анықталады:

Болат Өтемұратов – 2,6 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 714-орында тұр.

Алиджан Ибрагимов – 2,2 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 847-орында тұр.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар – 2,1 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 894-орында тұр.

Владимир Ким – 1,8 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 1054-орында тұр.

Айтпақшы, әлемнің бай адамдарының үштігін Билл Гейтс (79,2 млрд. АҚШ доллары бар), Карлос Слим (77,1 млрд. АҚШ доллары бар) және Уоррен Баффет (72,7 млрд. АҚШ доллары бар) бастап тұр.

Abai. kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз