Қарағанды облысының полициясы өзінің жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен 24 жасар Назгүл Байбосыноваға іздеу жариялады деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.
Бұрын хабарланғандай, 3-4 айлық сәбидің денесі 25 ақпанда кешкі уақытта Қарағанды облысының 30-ықшамауданындағы «Аян» сауда үйінің маңында қоқыс контейнерінен табылды.
Баланың денесі бірнеше рет пышақталған. Сәбидің әкесі полицейлерге таяуда таңғы уақытта жұмыс іздеу үшін үйден шығып кеткенін, ал қайтып келгенде өз әйелін де, баланы да таппағанын айтты. Оның сөзін бірнеше куәгер растап отыр – жұмыс берушілер мен сол күні көріскен таныстары.
Тәртіп сақшылары бастапқыда сәбиді әкесі өлтірді деген болжам жасаған, бірақ ол кінәсін мойындамай, баланың анасымен заңды некеде болмағанын түсіндірді. Ал көршілері жас ата-ананың табысы орташа отбасы екенін және ешқашан жанжалдаспағанын айтты.