Ту ілгені үшін айыппұл хаттамасы күшін жойды

0
64

 

Балконға мемлекеттік ту ілген Жандос Құрманбаевқа қатысты әкімшілік хаттаманың күші жойылды. Бұл туралы заңгер Михаил Кленчин өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды деп, хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

Ту ілгені үшін айыппұл хаттамасы күшін жойды

Заңгерге жолданған хабарламада: «Сізге 2015 жылдың 28 ақпаны күні Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 458-бабының 1-бөлігі бойынша сізге қатысты толтырылған әкімшілік хаттаманың Астананың Есіл аудандық прокурорының наразылығы бойынша күші жойылғанын хабарлаймыз», – делінген.

Дегенмен Кленчиннің айтуынша, бұл Құрманбаевқа «Мемлекеттік рәміздерді заңсыз қолдану» бабы бойынша 396 400 теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулының күші жойылғанын білдірмейді. Қазір ол осы жағдайды анықтап жатыр.

28 ақпан күні Жандос Құрманбаевқа балконға мемлекеттік туын ілгені үшін 396 400 теңге айыппұл салынған еді. Ол Қазақстан туын үш жыл бұрын дүкеннен 30 мың теңгеге сатып алғанын айтты.

«Мен өз патриотизмін білдіруі үшін әрбір қазақстандықта ту болуы керек деп есептедім. Мысалға, Олимпиада немесе чемпионаттар кезінде қазақстандықтар жеңіп жатса, мен қуанышымды білдіру үшін балконға туды ілемін. Осылай үш рет істедім – Азиада кезінде, Олимпиада кезінде және бұл жолы Геннадий Головкиннің жеңісінен соң», – деді Құрманбаев.

Ол айыппұлға қарсылық келтіретінін мәлімдеді. Заңгер Михаил Кленчин Астана тұрғынына айыппұлдыңзаңсыз салынғанын айтты.

«Заңгер ретінде полицейлердің оны қандай да бір стандарттар мен талаптарды бұзғаны үшін емес, туды ілді деген дерек үшін айыпұл салып отырғаны мені таңғалдырды», – деді Кленчин.

Ту ілгені үшін айыппұл хаттамасы күшін жойды

Источник: Азаттық

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз