Стамбұл соты ескерткішті қорлаған Ердоғанға айыппұл салды

0
50

Стамбұл соты Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды қолөнер туындысына тіл тигізді деп айыптап, оған 10 мың лира көлемінде ($4 мың) айыппұл салды.Бұл ақшаны ол туынды авторына төлейді деп хабарлайды Hurriyet. Аталған ескерткіш Карс аймағында түріктер мен армяндардың достығының құрметіне тұрғызылған болатын.

Сот барысында президенттің сөзін сөйлеген адвокат «Ердоған ескерткішті балағаттаған жоқ, тек сын айтты» деп мәлімдеді.

Жоба авторы Мехмет Аксой өз арызында көрсеткендей, 2011 жылы Ердоған премьер-министр болып тұрған кезде салынып жатқан ескерткішті ұсқынсыз дүние деп атаған.

Автор мұны балағат деп түсініп, президенттен 100 мың лира көлемінде өтемақы талап еткен.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз