
Дина Ғалиева 1963 жылы 7 тамызда Жамбыл облысы Шолақтау кентінде туған. 1984 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары түрлі қызмет орындарында жұмыс атқарған. Мәселен, Алматы қалалық «Фармация» өндірістік бірлестігінің экономикалық-жоспарлау бөлімінің есепшісі, аға экономисі, бастығының міндетін атқарушы. Мемлекеттік акционерлік «Фармация» холдингтік компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі бас маманы, қаржылық-жоспарлау бөлімінің бастығы, экономика бөлімі бастығының орынбасары, баға белгілеу және экономикалық болжау бөлімінің бастығы.
1995 жылы Ұлттық банкі бухгалтерлік есеп және бюджет департаментінің бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы, 1997 жылы бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының бастығы, 2002 жылдан қызметкерлер құрамымен Жұмыс департаментінің директоры.
2005 жылдан — «Қазақстан халық банкі» ЖЗҚ» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі, төрағаның бірінші орынбасары қызметтерінде болған.
По сообщению сайта Nur.kz