Алматыда кәсіпкерге қаруланған шабуыл жасалды

0
49
Алматыда кәсіпкерге қаруланған шабуыл жасалды
Наурыздың 3-інен 4-іне қараған түні Алматыда Mega Almaty сауда ойын-сауық орталығында қаруланған шабуыл орын алды.Кәсіпкерге шабуыл сауда нүктелеріндегі төлем терминалдарынан күндізгі табысты жинап жүрген кезде жасалды. Бұл туралы NUR.KZ қаланың Ішкі істер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қаскөйлер кәсіпкерлерді травматикалық қарумен қорқыта отырып, 500 мың теңгесін тартып алған.

Қылмыскерлердің көлікпен ізін суытқаны ғана белгілі. ІІБ-нің хабарлауынша, қазір арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілердің орнын анықтау және ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін журналист Полина Шиманская өз Facebook парақшасында: «Меганың сыртында 5 блокта шабуыл орын алды. Бәрі жабық, көліктерді түгел тексеріп жатыр. Басы-қасында болғандар атыс және инкасаторларға шабуыл болғанын естіп-көргенін айтты», — деп жазған болатын.

Анықталғандай, жеке кәсіпкер инкассация кезінде қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтамаған. Ол төлем терминалдарынан ақшаны жинау кезінде қасында тек өз туыстарын алып жүрген.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз