
АҚШ президенті Барак Обама Ресейге Украинадағы дағдарысқа байланысты жариялаған санкциялардың бірқатарын тағы бір жылға созатынын мәлім етті, деп хабарлады ресейлік БАҚ.Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлағандай, әңгіме АҚШ үкіметінің былтырғы 6, 16, 20 наурыздағы және 19 желтоқсандағы Ресей Федерациясына қатысты қолданылған шектеу шараларының мерзімін ұзарту туралы болып отыр.
Ол санкциялармен Ресейдің бірқатар азаматтары, оның ішінде ресми тұлғалары, сондай-ақ Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің үкіметінің лауазым иелері қамтылды.
Одан басқа аталған шаралар Ресейдің бірқатар ірі кәсіпкерлерін, бірнеше компаниясын, және өздерін республикалармыз деп жариялаған Донецк және Луганск Халық Республикаларының жетекшілерін қамтыды.
Обаманың айтуынша, ол осы санкциялардың барлығы «2015 жылдың 6 наурызынан соң да күшінде қалуы керек» деген қорытындыға келді. Президент мәлімдемесінде ол осы шектеу шараларын тағы «1 жылға» сақтайтынын нақтылап кетті.
По сообщению сайта Nur.kz