5 кандидаттың есімі белгілі болды

0
528

ҚР Президенттігіне үміткер

55GO6Ff9

Қазақстан Республикасы кезектен тыс Президент сайлауына екі күнде 5 үміткер өтініш білдірген. Бұл туралы бүгін Qamshy.kz порталы хабарлайды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінің мәліметінше наурыздың 2-сі күні сайлау ережесінің өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша Асқар Жорабайұлы Сырғабевтан өтініш келіп түскен. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы оРталық сайлау комиссиясына наурыздың 3-і күні аталмыш сайлау ережесі бойынша 4 бірдей ұміткердің ұсынысы тілкелген. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидатурасын ұсынғандар – Сайфолла Қалабайұлы Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Төлегенұлы Абдукаримов және Сухраб Аминжанұлы Мырзашев. ҚР Президентін сайлау науқаны барысында 5 үміткерден өтініш келіп түскен. Айта кететіні, өтініш білдіргендердің арасында бір әйел азамат та бар. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабы 2-тармағына сай, Президенттікке кандидаттың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін Орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсыну туралы өтініш берілген сәттен бастап бес күннің ішінде анықтайды.

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз