Алматыдағы «Барахолка» базарының орнына қонақ үйлер салынады

0
415
Алматыдағы \"Барахолка\" базарының орнына қонақ үйлер салынады
Алматыда сүрілген «Барахолка» базарының орнына сауда орталығы бой көтереді. Сондай-ақ өзге аймақтардан келушілерге арналған қонақ үй де салу жоспарлануда.Бұл туралы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жанат Айтілеу мәлімдеді.

«Біз солтүстік айналма жолға байланысты ұйымдастыру жұмыстарын жүргіздік. Ең алдымен жаяу жүргіншілер жолына назар аудардық. Енді ол жерде көліктердің қозғалысына арналған сегіз жолақты жол пайда болады. Бұл жерде құрылыс орталығын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Барахолка» базарының орнына авто тұрақ, өзге аймақтан келген адамдарға арналған қонақ үй салынады. Бой көтеретін орталықтардың барлығында санитарлық және қауіпсіздік талаптары сақталатын болады», — деді Айтілеу.

 

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз