
Еліміздің батысындағы Березовка ауылының тұрғындары тағы да есінен танып құлап жатыр. Бұл жолы аяқ-асты жағдайы нашарлаған төрт баланың бірі ауруханаға жеткізілді.
Сабақ кезінде өздерін нашар сезінген үш қыз бен бір ұл бала дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне босатылған болатын. Бірақ түнгі он бірлер шамасында аяқ-қолы дірілдей бастаған алтыншы сынып оқушысы шұғыл түрде Ақсай қалалық ауруханасына жеткізілді.Қалған үш қыздың жағдай түзеліп, өздеріне келе бастаған. Қарашада жаппай улану кезінде баламның басы ғана айналған деген Темірлан Темірғалиевтің әкесі, қазір ұлы күнде есінен танып қалатынын айтады.
Естерінен танған балалардың бірі айқайлап, өздерін ұстай алмаса, енді біреулері дірілдеп, қатты тоңғандай күйге түседі. Тағы біреулері ұйықтап жатқандай мүлдем тілге келмейді.
Денсаулықтары нашарлаған Березовка ауылының балалары үшін, сабақтың басталатын уақыты да күндізгі үшке ауысқан. Бірақ аядай ауылдағы ауыр жағдайды бұл әдіс те құтқара алмай отыр.
Күніне үш-төрт пәнді отыз минуттан ғана оқитын оқушылар өздерін нашар сезініп, естерінен танып, аяқ-қолдары дірілдеген жайттар жиі тіркеліп отыр. Ал белгісіз дерттің диагнозын ешкім таба алар емес.
По сообщению сайта Nur.kz