Алматы облысында әскерден қашып кеткен жауынгер 16 жылға сотталды

0
453
Алматы облысында әскерден қашып кеткен жауынгер 16 жылға сотталды
Алматы облысында әскерден қашып кеткен жауынгер Серік Дәуленбай  16 жыл қатаң режимдегі калонияда  жазасын өтейтін болды.«Серік Дәуленбай 255 баптың 1 бөлімі (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды ұрлау немесе бопсалау), 175 бабының 1 бөлімі (ұрлау), 24 баптың 3 бөлімі (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әркет ету), 200 баптың 1 бөлімі (ұрлау мақсаты болмасада автомобиль немесе өзге қатынау құралын заңсыз иелену), 373 баптың 2 бөлімі (әскери қызметтен қашушылық) бойынша кінәлі деп танылып, жазасын 16 жыл қатаң режимдегі колонияда өтеуге кесілді», — деп хабарлады әскери соттың баспасөз қызметі.

20 ақпанда шығарылған үкім  бүгінде заңды күшіне енді.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте 21/77 әскери бөлімінде автопарк бойынша күндізгі кезекшісі, мерзімдік әскери қызметтің қатардағы жауынгері Серік Дәуленбайдың жоқтығы тіркелді. Оған іздеу жарияланды.

Осы ретте, БАҚ-та бөлімде әскери қызметкер мен солдат төбелесіп қалған, кейін әскери қаруды алып қашып кеткен деген ақпарат пайда болды.

19 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары аясында кеден қызметінің мамандары Серік Дәуленбайды құрықтады. Жауынгерден қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Кейінірек белгілі болғандай, Дәуленбай әскери бөлімнен қашпас бұрын әскери госпитальда көз жұмған, келісім шарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметкермен төбелесіп қалған.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз