Оңтүстік Кореядағы АҚШ елшісіне қастандық жасалды

0
67

Оңтүстік Кореядағы АҚШ Елшісі Марк Липпертке шабуыл жасалып, дипломат ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ТАСС ел астанасының полициясына сілтемемен.
Шабуыл елші Оңтүстік Корея астанасында өтуі тиіс болған лекцияға бара жатқан жолда жасалған. Оған қастандық жасаған адам ұстараны қару ретінде қолданған.

Липпертке шабуыл жасаған адамның тегі Ким екені анықталды. Ол  «Оңтүстік және Солтүстік Корея бірігуі керек» деген көрінеді.

Ресми мәлімет бойынша, Липперттің денсаулығы қатты қауіп төніп тұрған жоқ.

 

 

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз