Ленардо Ди Каприо Голливудтағы үйін жалға беретін болды

0
58
Ленардо Ди Каприо Голливудтағы үйін жалға беретін болды
Голливудтағы әртістің жекежайы тәулігіне 4 500 долларға беріледі, деп хабарлады segodnya.ua сайты.Леонардо Ди Каприоның АҚШ-та 5 үйі бар. Әртістің сирек пайдаланатын үйлерінің бірін жалға беруі де содан. Лео Палм-Спрингстегі танымал жекежайын беретіндігін айтқан.

Жекежай 1964 жылы архитектор Дональд Векслермен әнші Дина Шорға арнайы салынған болатын. Дина Шор бұл жекежайда өмірінің соңына дейін тұрған екен. Кейіннен, үйге күрделі жөндеулер жүргізілген. Ди Каприо оны 2014 жылдың ақпанында 5,32 миллион долларға сатып алған.

Ішінде 6 жатын бөлмесі, 5 жуынатын бөлме, музыкалық бөлме, бассейн, бірнеше алауошақ, кітапхана және асүйі бар.

Жалға беру сайтында айтылғандай, жалға алушы Голливуд жұлдыздары Фрэнк Синатра, Мэрилин Монро, Элизабет Тейлор, Кэри Грант, Дин Мартин и Элвис Пресли тұрған жекежайлармен көршілес болу мүмкінідігін алады.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз