Қостанайлық дәрігерлер науқастың 4 күннен бері мұрнынан үздіксіз аққан қанын тоқтатты

0
1192
6

Қостанайдың дәрігерлері ерекше ота жасап шықты. Жүрек ауруының дәрігерлері бірнеше күннен бері мұрыннан үздіксіз қан аққан науқасқа күрделі ота жасап, қанды тоқтатқан.

Қостанай облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сергей Моисеевтің айтуынша, осыдан бірнеше сағат бұрын ғана пышақ астында жатқан Серік Аяғановтың өміріне енді еш қауіп жоқ. 34 жастағы науқастың мұндай жағдайына мұрыннан қан кетуі себеп болған.

Науқас Серік Аяғановтың өзі мұрнынан қан кету моншаға барғаннан кейін басталғанын айтады.

Ересек адамның ағзасында, оның салмағына байланысты шамамен 5-6 литр қан болады. Серік Аяғанов соның екі литрін үш күн мұрыннан аққан қан арқылы жоғалтқан. Тоқтаусыз сорғалаған қаннан кейін  азаматтың өміріне қауіп төне бастаған. Сондықтан дәрігерлер науқасты Астанаға апармай, шұғыл түрде хирургиялық ота жасаудың жолын іздеген.

Егер екі сағаттық отаға тәуекел жасамасақ, Серік мүгедек боп қалар еді дейді дәрігерлер. Тіпті бұл диагноз азаматты жұмысқа жарамсыз, өмірге құштарсыз етеді екен. Жоғары дәрежелі медициналық көмектің бұл түрі еліміздің бірегей ғылыми орталықтарында ғана қолданылады.

Қаны тоқтап, тамырлары бітелген Серіктің денсаулығы енді дәрігерлердің тәуекелінің арқасында бір қалыпты.  Бұл қостанайлық ақхалаттылардың қолға алған ауыр әрі жауапкершілігі мол алғашқы отасы емес. Мәселен, былтыр ғана әулиекөлдік хирург мектеп оқушысын металл шыбығынан алып шыққан еді.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз