М.Жолдасбеков: “ЖҰМЫССЫЗ ЖҮРГЕНДЕР ПРЕЗИДЕНТ БОЛСА, ЕЛ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛМАҚ?!.”

5
37

“Бір азамат тіркелуге ақшасының жоқтығын  айтып, орнына сексеуіл ұсынды…”

– 2011 жылы өткен кезектен тыс сайлау барысында орын алған жайттарға тоқталайын. Көптеген адамдар айналдырған екі бет жазба жұмысында 16 қатеден бастап, 32, 36, 46, 52 қатеге дейін жіберді. Бұл бір, екіншіден, келген кісілердің көпшілігі жұмыссыз жүрген адамдар болды. Бірнеше экстрасенстер келді. Мәселен, бір кісі: «Пойызбен Алматыдан Павлодарға кетіп бара жатыр едім, Астанаға келгенде президенттік сайлау есіме түсіп, сіздердің алдарыңызға келіп отырмын» дейді. Ал бір әйел таңертең шай ішіп отырғанда есіне сайлаудың жарияланғаны сап ете түсіп, содан біздің алдымызға өзін кандидат ретінде ұсыну үшін келіпті. Міне, осындай жайттар орын алған болатын.

Ағымдағы жылы президенттікке кандидаттар 1 млн. 60 мың теңге жарна төлеу керек болса, 2011 жылы оның көлемі 800 мың теңге құраған еді. Ал сол жылы кандидат ретінде тіркелуге келген бір азамат ақшасының жоқ екендігін айтып, оның орнына сексеуіл ұсынды… Енді бірі комиссия мүшелерінен қаржылай қолдау сұрады.

Алдымыздан талай азамат өтті, бәрі Қазақстан азаматтары, бәрінің де құқығы бірдей. Бірақ Президент болатын адам халықтың тағдырын ойлауы керек қой. Президент болатын адам ең болмағанда бір мекемені басқаруы керек қой. Жұмыссыз жүрген, жұмысқа ешкім алмаған азамат ертең оның бетін арман қылсын, Құдай сақтасын, Президент болатын болса, мемлекеттің тағдыры не болмақ?..

(ҚР Президенттігіне кандидаттарды мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың журналистермен болған кездесуде айтқаны.)

qazaquni.kz

Дереккөз: Abai.kz

5 ПІКІРЛЕР

  1. Шіркін уйде отырып алып президент болғысы келетіндер көп қой. Ондайлар Елбасының әр минутының бос емес екендігін, қыруар жұмысты атқару үшін кун демей түн демей еңбектенетінін білмей ма екен әлде президент тек бұйрық берумен ғана айналысады деп ойлай ма екен???

  2. Әрине азаматтардың құқығы бірдей, бірақ қарым қабілеті, ой өрісі, деңгейі әртүрлі емес пе. Сонда кейбір азаматтарымыз өз деңгейін білмей ме? Әлін білмеген әлек деген осы да.

  3. Жылайын ба, күлейін ба, неше түрлі адамдар болады екен ау.Елбасының бір сағаттық жұмысын істеп көрсінш сондайдар, сонда көрер еді Президент болған қалай екен…

  4. Менің пікірім, дәл бүгінгі күні Назарбаевқа теңетін, президентікке лайық адам жоқ

  5. Думаю что если Елбасы будет идти на выборы, то большинство граждан отдадут свой голос за него, просто некому не хочется все начинать с начало.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз