Шымкент гарнизоны әскери соты 20030 әскери бөлімінің әскери қызметкері подполковник С.Режепов өз қызметтік өкiлеттiгін асыра пайдаланғанын, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған заңсыз күресті ұйымдастырғаны үшін айыпты деп танылды.
Оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы үкім негізінде тағайындалды, деп хабарлады соттың баспаөз қызметі Қазақстан жаңалықтары.
Қайғылы оқиға 2013 жылдың қараша айында 20030 әскери бөліміне қарасты БББ «Арнайы жасақ» базасында, келісімшарт қызметінің бос лауазымына іріктеу барысында орын алды.
23-жасар О.Сүлейменовті жекпе-жек өткізу барысында ауыр бас жарақатын алып, ес-түссіз жатты.
Медициналық қызметкерлердің соңына дейін жәрдем көрсеткенімен О.Сүлейменов есіне келмей ауруханада қайтыс болды. Жоғарыда атап көрсетілген үкімге сотталған С.Режеповпен Қазақстан Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына апелляциялық шағым келтірген.
Қазақстан Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысына сай сотталған С.Режеповке жаза ретінде тағайындалған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалдырылып, «подполковник» шенінен айырылған.
Үкімі 10 ақпан 2015 жылы заңды күшіне енген.