Қайғылы оқиға туралы хабар аймақтық Ішкі істер бөліміне 25 ақпанда, түстен кейін келіп түскен деп хабарлады АқтөбеТаймс.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 17 жасар баланы аграрлық колледжге тиесілі сарайға бекітілген бөренеде, өз кимоно белбеуіне асылған күйінде тапқан.
Қайтыс болған жеткіншек колледжде екінші курста оқып, жатақханалардың бірінде тұрған. Колледжегі оқу ісінің меңгерушісі Шолпан Ізматова тілшілерге қайғылы оқиға орын алмастан бұрын сабақ алдында студентті көргендігін айтты:
«Ол әдеттегідей жақсы көңіл-күйде болды. Өте жақсы бала еді – ашық, ақжарқын, тәртіпті. Жатақханада тұратын достарымен қашанда бірге жүретін. Оның достары да көп болатын. Қызы болмаған. Оның мұндай іске баруына не түрткі болғанын түсіне алмай отырмыз. Істе кимононың белбеуі барына қарамастан каратэ секциясының бұған қатысы болуы мүмкін емес. Жеткіншек секцияға бар жоғы екі рет қатысқан. Ешқандай ұрыс-төбелес мүлдем орын алған жоқ. Қайтыс болған бала Құлсары қыстағынан, толыққанды жанұядағы 4 ағайындылардың екіншісі болатын. Бұл ата-аналары үшін де, біз үшін де орны толмас қайғылы оқиға болып отыр».