Президент сайлауын өткізу науқанына 5,5 млрд теңге бөлінеді

1
57

 

Қазақстан президентінің сайлауын 2015 жылғы 26 сәуірде өткізу науқанына 5,5 млрд теңге бөлінетін болады, деп хабарлады қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Президент сайлауын өткізу науқанына 5,5 млрд теңге бөлінеді

«Біз тиісті мемлекеттік органдармен талқыладық, жұмыс тобы жұмыс атқарды, шамамен, 5,5 млрд теңге анықталды, оны бүгіндері үкімет қаражатынан бөлу мәселесі қарастырылуда», – деді Сұлтанов бейсенбі күнгі брифингте.

Еске сала кетсек, үстіміздегі жылдың 14 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын.

Осыған орай Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді.

Источник: КазТАГ

1 Пікір

  1. Бөлінген қаражат толығымен сайлаудын мұқтаждарына жұмсалып, сайлаудың нәтижесінде Елбасыға дауысымызды беріп, ОСК әділдігіне сенемін

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз