
Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бұрынғы бастығы Әмірхан Аманбаев Медеу аудандық сотының шешімімен екі айға қамауға алынды.Экс-басшы қызметтік өкілеттігін теріс пайдалданып және жалған кәсіпкерлік айналысқан.Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі жетекшісі Қуандық Ешіметке сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Оның мәліметінше, Алматы қаласы Медеу аудандық сотына қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны және жалған кәсіпкерлік жасағаны үшін Алматы қалалық ЭСЖКД-нің бұрынғы бастығы Әмірхан Аманбаевты қамауға алуға туралы өтініш келіп түскен.
«Соттың 2015 жылғы наурыз айының 5 күнгі қаулысымен сезікті Аманбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді», — деп хабарлады Ешімет.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
По сообщению сайта Nur.kz